«Любимое время года» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қараша
2026

«Любимое время года»

   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омирбаева Айгул Абдуллакызы 6 «Б»сыныбында «Любимое время года» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту және өз ойларын еркін жеткізуге үйрету.
Сабақ барысында мұғалім заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланып, көптеген әдіс-тәсілдерді қолданды. Атап айтқанда, жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен әзірленген бейнероликтер, танымдық ойындар, сергіту сәті, жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі интерактивті тапсырмалар орындалды.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Топтық және жеке жұмыстарға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасты.
Мұғалім сабақтың әр кезеңін жүйелі ұйымдастырып, уақытты тиімді пайдаланды. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлері ескеріліп, сабақ мазмұнына сай тиімді әдіс-тәсілдер таңдалған.
 Ашық сабақ өз мақсатына жетті. Мұғалімнің заманауи әдіс-тәсілдерді, цифрлық ресурстарды және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив