«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді
17
қараша
2026

«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді

    №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «Ә» сынып оқушы қыздарымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізілді.
Кездесу барысында қыз балаларға жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық және психологиялық өзгерістер, жеке бас гигиенасы, репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу және оның ықтимал салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қыз баланың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, дұрыс шешім қабылдауы, өзін құрметтеуі және болашағына саналы көзқараспен қарауы жөнінде маңызды ақпараттар айтылды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жасөспірім қыздардың денсаулық сауаттылығын арттыру, жауапкершілікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Денсаулық – баға жетпес байлық, ал жарқын болашақ – саналы таңдаудан басталады!





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив