Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі!
18
қараша
2026

Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі!

    Алпыс Сегізінші Мектепте полиция органдарымен бірлескен жоспар аясында 9–10–11-сынып оқушыларының қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың, буллинг және кибербуллингтің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесуге Шымкент ҚПД  Еңбекші АПБ ҚҚБ бастығы, полиция подполковнигі Амирхан Сейдеханұлы Бакиров және мектеп инспекторы Ербұлан Нышанәліұлы Утенегов қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдерге құқықбұзушылық пен қылмыстық әрекеттердің салдары, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі, құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, әлеуметтік желілерді тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану, өзара сыйластық пен адамгершілік құндылықтарын сақтау мәселелері қозғалды.
Полиция қызметкерлері оқушыларды заң талаптарын құрметтеуге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және кез-келген құқыққа қайшы әрекеттерге бейжай қарамауға шақырды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына мамандар тарапынан тұшымды жауаптар алды.
Басты мақсат – құқықтық сауатты, саналы, жауапкершілігі жоғары, қауіпсіз қоғам құндылықтарын құрметтейтін жас ұрпақ тәрбиелеу.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті!






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив