26
мамыр
2026
25-мамыр күні 2"А" сынып жетекшісі Г.Абуова "Білімім-Отаныма" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты:
Оқушыларға білімнің маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, алған білімдерін ел игілігіне жұмсауға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар «Білімім – Отаныма» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, білімді ұрпақтың ел болашағындағы рөлі туралы пікір алмасты. Отан, білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер айтылып, танымдық сұрақтар қойылды. Оқушылар белсенді қатысып Отан, Білім туралы тақпақтар айтып, ән салды.
Сонымен қатар, білімнің адам өміріндегі орны туралы бейнеролик көрсетілді .Жұптық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар шығармашылық суреттер салып, қорғады.
Сынып сағаты өз мақсатына жетті. Оқушылар білімнің тек жеке жетістік емес, ел дамуы үшін маңызды құндылық екенін түсінді. Сабақ барысында оқушылардың патриоттық сезімі артып, білімге деген қызығушылығы мен белсенділігі байқалды.