"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ"
Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз. Осы орайда 4«Ә» сынып жетекшісі Орынбаева Лаззат Наурыз мерекесіне орай «Наурыз-жыл басы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу, ұйымшылдылыққа, өнерге баулу.