Материалы за Наурыз 2025 года » Страница 3 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2025 года » Страница 3
"БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ -  ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ"
18
наурыз
2025
"БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ"
      Бастауыш сыныптары бойынша ата-аналарды педогогикалық қолдау орталығының «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы» тақырыбында  кезекті отырысы болып өтті.  Отырыста: 1.Дене  дайындығы: төтенше жағдайларда организмді қорғау дағдылары мен қабілеттері;  2.Эмоциялық дайындық: қорқыныш пен үрейді жеңу тәсілдері;  3.Танымдық әзірлік: қауіпсіздік саласындағы білімді және қорғау әдістерін меңгеру;  4.Әлеуметтік дайындық: қиын  жағдайдағы баланың коммуникациялық дағдыларын дамыту
"АЙБЫН - 2025"
18
наурыз
2025
"АЙБЫН - 2025"
     Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының қолдауымен және “Жас сарбаз” РҚБ Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңі өткізілді.             Еңбекші ауданы бойынша сайысқа қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас сарбаз" сыныбы жүлделі 1-орынды иеленіп, Қалалық кезеңге жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
"ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ"
18
наурыз
2025
"ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ"
     5 "Ә" сынып жетешісі Мусаева Ақмарал оқушыларымен "Қауіпсіз қоғам"," Темір жол өтпелерінен жүріп өту", "Қала сыртындағы жолдардағы қауіпсіздік" тақырыптарында сынып сағатын өткізді.      Мақсаты: теміржол – қауіпті аймаққа жататындығы туралы түсінік беру. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
18
наурыз
2025
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6"Б" сынып жетекшісі А.Турешова оқушыларымен Пауло Куэльоның жасөспірім садақшы Тецуя туралы "Садақшы" атты кітабын оқып, талдау жасады.      Мақсаты: оқушыларды балаларға арналған шетел шығармаларымен таныстыру және қызықтыру.   
17 - НАУРЫЗ "МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР КҮНІ"
18
наурыз
2025
17 - НАУРЫЗ "МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР КҮНІ"
    Мектебіміздің мұғалімдері Г.А.Коккузова мен М.А.Қосыбаевалар “Наурызнама күндері” бойынша 17 - Наурыз "Мәдениет және ұлттық салт - дәстүрлер күні” тақырыбында іс-шара өткізді.     Мақсаты: мәдениетті, өнерді және ұлттық салт - дәстүрлерді кеңінен насихаттау. Еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан ұлттық салт - дәстүрлерді одан әрі жандандыру.        Шара барысында “Тұсау кесу” дәстүрінде Айшуақ есімді балапанның тұсауы кесіліп, әже мен ананың ақ тілектері, ақ ниеттері айтылды. 3 “Б” сынып
"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ"
18
наурыз
2025
"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ"
    Наурыз - көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз. Осы  орайда 4«Ә» сынып жетекшісі Орынбаева Лаззат Наурыз мерекесіне орай «Наурыз-жыл басы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.      Тәрбие сағатының мақсаты: қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу, ұйымшылдылыққа, өнерге баулу.
“PISA-2025 СЫНАҒЫ” ТУРАЛЫ АТА - АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
17
наурыз
2025
“PISA-2025 СЫНАҒЫ” ТУРАЛЫ АТА - АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
     Мектеп директоры Гүлнұр Пржанова, ДОІЖО Пернехан Альжанов және педагог-психолог Гүлмира Жұмахметовалар “Pisa -2025 сынағы” туралы осы сынақты тапсыратын оқушылардың ата-аналарына, оқушыларға және жауапты мұғалімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тренинг өткізді.           Мақсаты: осы сынақ туралы жалпы түсінік беру ата-аналар балаларына қолдау көрсетуге ықпал жасау.       Тренинг барысында бейнеролик көрсетіліп талдау жасалды, оқушылардың сынақтан жинаған ұпайларының диаграммасы
"16 НАУРЫЗ - ШАҢЫРАҚ КҮНІ"
17
наурыз
2025
"16 НАУРЫЗ - ШАҢЫРАҚ КҮНІ"
    "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында  "16 наурыз - Шаңырақ күніне" орай, Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында 9-сыныптар арасындағы оқушылармен Г.Тастанбекова, Л.Абеновалар ашық тәрбие сағатын өткізді.      Мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтарының маңыздылығын дәріптеу. Отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру. Ата-ананы сыйлау, бауырмалдылық, татулық, бірлік секілді  құндылықтарды  бойларына сіңіру. 20 жыл отасқан отбасылық құндылықтарды бойына сіңірген өнегелі ұрпақ
"АЛТЫН ҚАЗЫНА"
17
наурыз
2025
"АЛТЫН ҚАЗЫНА"
    Оқушылар арасында өткізілген «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңіне қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 6«Д» сынып оқушысы Бақыт Жанасыл Аскерұлы «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папе-маше;» номинациясы бойынша жүлделі II ОРЫНды иеленіп, дипломмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!!!
"ОЙ МЕН ОЙЫН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
17
наурыз
2025
"ОЙ МЕН ОЙЫН" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
      2"В" сынып жетекшісі Б.Сманова оқушыларымен "Ой мен ойын" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.       Мақсаты: оқушылардың ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, еркін сөйлеуге баулу, өз бетімен жұмыс жасау арқылы білімдерін арттыру. Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа,  белсенділікке, жауапкершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.