Материалы за 21.05.2025 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиыны өткізілуде
21
мамыр
2025
10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиыны өткізілуде
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны 2025 жылдың 19–23 мамыр аралығында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектептердің 10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиыны өткізілуде.  Бүгінде іс-шараның 3 күні өтуде.   Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайту, әскери және азаматтық жауапкершілікке баулу.
“Достық және мейірімділік” тақырыбында тренинг өткізілді
21
мамыр
2025
“Достық және мейірімділік” тақырыбында тренинг өткізілді
  Педагог-психолог Гүлмира Жұмахметова 10 сынып оқушыларымен “Достық және мейірімділік” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың сыныпта бірлігін арттыру, өзара қарым-қатынастарын нығайту. Тренингте психолог “Кім екенін тап” “ Менің жағымды және жағымсыз қасиетім”, “Мен кіммін”ойындарын ойнатып, жаттығулар жүргізді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп көңілді қатысып отырды.
«Балалар кітапханасы»
21
мамыр
2025
«Балалар кітапханасы»
   Мектебімізде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында оқушылардың көркем әдебиетті оқып, шетел жазушыларының  шығармаларымен таныстыру мақсатында  ағылшын тілі пәні мұғалімі Досбергенова Нағима 7 "Д" сынып  оқушыларымен америкалық жазушы Джеймс Фенимор Купердың «Могиканның соңғы тұяғы» (The Last of the Mohicans) — романын оқып, ондағы оқиғаны талқылады.  Мақсаты: Оқушыларды тарихи-көркем шығарма арқылы адамгершілік құндылықтарға, ұлттар арасындағы татулыққа, ерлік пен адалдыққа тәрбиелеу,