Материалы за 10.02.2026 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
АПВ ға қарсы вакцинациясы жүргізілуіне байланысты
10
ақпан
2026
АПВ ға қарсы вакцинациясы жүргізілуіне байланысты
10.02.2026ж күні  №68 жалы орта білім беретін мектебінде  №5  қалалық емхана  дәрігері Б.М.Кожахметованың қатысумен 11,12,13 жастағы оқушы қыздарға   АПВ ға қарсы вакцинациясы жүргізілуіне байланысты, Адам папиллома вирусы  ауруының  белгілері, жұғу жолдары мен асқынуын, алдын алу үшін вакцинацияның маңыздылығы туралы слайдтар көрсетіп, тақырыпты кеңінен  түсіндірді.
"Ой түзелмей, бой түзелмес"
10
ақпан
2026
"Ой түзелмей, бой түзелмес"
   Мектебімізде 8-11 сыныптар арасында "Ой түзелмей, бой түзелмес" тақырыбында жалпы қыздар жиналысы өтті. Жиналыста ерте жүктіліктің алдын алу, жеке бас тазалығы туралы айтылды. Жиналысқа директордың тәрбие ісі орынбасары М.Альменова,"Қыз Жібек"қыздар клубының төрайымы М.Қосыбаева мүшелері П.Ақбаева, А.Балажанова қатысты.  Мақсаты: қыз балаларды әсемдікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ішкі жан дүниесін байыту,  қыз намысы, сымбаты туралы жан -жақты мағлұматтар берді. Қыздардың
"КІМ ЖҮЙРІК? " интелектуалды ойыны.
10
ақпан
2026
"КІМ ЖҮЙРІК? " интелектуалды ойыны.
   №68 жалпы орта мектебінде "Саналы Азамат" жобасы аясында оқушыны жан-жақты сыни ойлауға, шапшаңдыққа, шығармашылыққа баулу мақсатында  5-7 сынып оқушылары арасында "Кім жүйрік?" интелектуалды ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында үш топ математикалық амалдарды шешу арқылы "Қаппен жарыс","Биікке өрмелеу" сынды командалық жарыстарға қатысты. Ойын қорытындысы бойынша "Жалын" тобы нәтижелі командалық ойын көрсетті.
«Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты»
10
ақпан
2026
«Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты»
    №68 жалпы орта білім беретін мектебінде жас ұрпақтың бойына азаматтық қорғаныс жауапкершілік пен қоғамдық сана дәнін егу, болашақ мамандыққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тағылымды әрі мазмұнды кездесу өткізілді. Бұл басқосу оқушыларды елге қызмет ету идеясына бағыттап, олардың өмірлік таңдауына оң ықпал етуді көздеді. Кездесуге кәсіптік бағдар беруші Хайрова Майнур Ертаевна, сондай-ақ төтенше жағдай сауаттылық бойынша маңызды мәліметтермен бөліскен ТЖМ қызметкерлері  Азаматтық қорғау
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ-95жыл!
10
ақпан
2026
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ-95жыл!
   №68 жоббм қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9 ақпан күні қазақ поэзиясының асқақ үні, жүрек жыры — Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Қарасаздан шыққан қасиетті сөз» тақырыбында тағылымы терең әдеби-сазды кеш өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақты патриоттық, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу
"Интернет алаяқтық"
10
ақпан
2026
"Интернет алаяқтық"
   №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8"Ә" сыныбында өтілген "Интернет алаяқтық" туралы балалар мен ата-аналарға арналған қаржылық сауаттылық жадынамасы. Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың дамуымен бірге, кәмелетке толмағандардың атына ашылған банк карталарын алаяқтық мақсатта пайдалану жағдайлары жиілеп кетті. Бұл тек қаржылық шығынға ғана емес, сонымен қатар балалар мен ата-аналардың құқықтық жауапкершілікке тартылуына себеп болуы мүмкін. Қауіпсіздікті сақтау үшін келесі ережелерді