20
қаңтар
2026
"Саналы жастар" жобасы
№68 жалпы орта мектебінде жүйелі жүргізіліп келе жатқан "Саналы жастар" жобасы аясында "Арқан тартыс" интеллектуалды сайыс өткізілді. 5-7 сынып оқушыларының бойындағы ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін ұғындырып, оқушы бойындағы ерекше қасиеттерін ашу мақсатындағы бұл жоба барысында әр аптада түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отырды. Осыған орай бірінші жартыжылдық қорытындысы шығарылып, "Үздік команда", "Үздік ойыншы" номинациясымен жобаға қатысушы оқушыларды мектеп директоры Пржанова Гүлнұр Әскербекқызы марапаттады.





