17
желтоқсан
2021
"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!"
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы білім беретін мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына арналған "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!" тақырыбында 5"Б" сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Абдуллаева зияткерлік сайысын өткізді. Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, оқуға деген ынтасын арттыру. Сайыста оқушылар 3 топқа бөлінді. 1-топ. "Бүркіт" тобы, 2-топ. "Болашақ" тобы, 3-топ. "Сұңқар" тобы болды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Бүркіт тобы алса, 2-орынды Сұңқар тобы, 3- орынды Болашақ тобы иеленді. Оқушылар сайыс сабағының қызықты өткендігін айтып тәуелсіз еліміздің болашағы үшін жақсы оқып, аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.


