Іс-шаралар » Страница 11 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиыны өткізілуде
21
мамыр
2025
10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиыны өткізілуде
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушыларына арналған оқу-дала жиыны 2025 жылдың 19–23 мамыр аралығында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектептердің 10-сынып оқушылары үшін оқу-дала жиыны өткізілуде.  Бүгінде іс-шараның 3 күні өтуде.   Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайту, әскери және азаматтық жауапкершілікке баулу.
“Достық және мейірімділік” тақырыбында тренинг өткізілді
21
мамыр
2025
“Достық және мейірімділік” тақырыбында тренинг өткізілді
  Педагог-психолог Гүлмира Жұмахметова 10 сынып оқушыларымен “Достық және мейірімділік” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың сыныпта бірлігін арттыру, өзара қарым-қатынастарын нығайту. Тренингте психолог “Кім екенін тап” “ Менің жағымды және жағымсыз қасиетім”, “Мен кіммін”ойындарын ойнатып, жаттығулар жүргізді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп көңілді қатысып отырды.
«Балалар кітапханасы»
21
мамыр
2025
«Балалар кітапханасы»
   Мектебімізде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында оқушылардың көркем әдебиетті оқып, шетел жазушыларының  шығармаларымен таныстыру мақсатында  ағылшын тілі пәні мұғалімі Досбергенова Нағима 7 "Д" сынып  оқушыларымен америкалық жазушы Джеймс Фенимор Купердың «Могиканның соңғы тұяғы» (The Last of the Mohicans) — романын оқып, ондағы оқиғаны талқылады.  Мақсаты: Оқушыларды тарихи-көркем шығарма арқылы адамгершілік құндылықтарға, ұлттар арасындағы татулыққа, ерлік пен адалдыққа тәрбиелеу,
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
20
мамыр
2025
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
  №68 жалпы орта білім беретін мектебінде. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  А.К.Ирсаева 5 "Ғ" сынып оқушыларымен   Джон Стейнбектің "Адамдар мен тышқандар» атты  повесін талқылады. "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша  кітапхана меңгерушісі Л Ж.Лауланбекова мен  мұғалім Н.А.Накыпбековалар  да  талқылауға  қатысып, соңынан «Әдебиет – адам жанын тәрбиелейтін айна» деген тұжырым жасады. Мақсаты: - оқушыларды көркем шығармамен таныстыру;  - Әлеуметтік әділетсіздік, достық, жалғыздық, армандар
"7-мамыр-Отанқорғаушылар күні"
16
мамыр
2025
"7-мамыр-Отанқорғаушылар күні"
   №68 жалы орта білім беретін мектебінің 1"А" сынып жетекшісі Г.Абуова оқушылармен "7-мамыр-Отанқорғаушылар күні" тақырыбында тәрбие сағатын өтті.  Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Отанқорғаушы сөзінің мәнін түсіндіру. Қарулы күштің маңыздылығын ұғындыра отырып, Отанын сүюге тәрбиелеу. Әскерилерге қүрметпен қарап, қорғаныс саласына деген қызығушылықтарын дамыту.  Сабақ барысында оқушылар Отан, ел, туған жер, батырлар, ел рәміздері туралы тақпақтар айтты. Очы тақырыпқа байланысты Өз қолдарымен
“Жағымды қарым-қатынас дағдысы және сенімділіктің маңызы”
16
мамыр
2025
“Жағымды қарым-қатынас дағдысы және сенімділіктің маңызы”
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің  педагог-психологы  Р.Е.Ашықбаева   8”Д”сынып оқушыларына “Жағымды қарым-қатынас дағдысы және сенімділіктің маңызы” тақырыбында тренинг өткізді.  Мақсаты: оқушылардың бойына сенімділік ұялату, адамдармен жағымды қарым-қатынас орната білуге дағдыландыру. Оқушылармен “Мен және менің қасиетім”, “ Менің досым”, “Жағымды қарым-қатынас” әдістемелері мен жаттығулары жүргізілді. Сонымен қатар, “ Кірпі “ бейнеролигі
«АБАЙ ӘЛЕМІ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ»
16
мамыр
2025
«АБАЙ ӘЛЕМІ – ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ»
       Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, білім беру ұйымдарында "Абай күнін" ресми және мазмұндық тұрғыдан 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні мерекесімен кіріктіре ұйымдастыру мақсатында  №68 жалпы  орта білім беретін мектебінде «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» іс-шарасы өтті.  Екі мерекені біріктіріп, бір тұтастықта өткізу – қоғамда рухани жаңғыру, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық тәрбиені нығайтудың маңызды тетігі, отбасы институтын ұлы
"Оқуға құштар мектеп"
15
мамыр
2025
"Оқуға құштар мектеп"
    №68 жалпы орта білім беретін мектебінде. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында тарих пәні мұғалімі Бостанова Әсем 9 "Ғ" сынып оқушыларымен Эрих Мария Ремарктың «Аманат өмір немесе Тәңірі алдында теңбіз» атты романынын талқылады.  Мақсаты — өмірдің мәні, адамгершілік, махаббат пен үміт туралы терең философиялық ойларға толы өмірді баяндайды. Бұл туындыда автор соғыс пен адамзаттың азаптары арқылы өмірдің шынайы құндылықтарын ашып көрсетеді.
"Біз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз!" зияткерлік ойын өткізілді
14
мамыр
2025
"Біз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз!" зияткерлік ойын өткізілді
  2025 жылдың 12 мамыр күні "Біз әдемі, бақытты өмірді таңдаймыз!" тақырыбында мектебіміздің "Химия және биология" пән мұғалімдерi 10-11 сынып оқушылар арасында көңілді зияткерлік ойын өткізді.  Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту, өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету. Ойын барысында, оқушылардың бойына салауатты өмір
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жалғасын табуда
12
мамыр
2025
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жалғасын табуда
      №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 4"Ә" сынып оқушыларымен бірлесіп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырбекқызы Ғалия "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Джеймс Гринвудтың «Өгей бала» шығармасын талқылады. Мақсаты: Шығармада жетім немесе өгей балалардың қиын тағдыры арқылы олардың құқықтарын сақтаудың, әділетті қоғам қалыптастырудың қажеттілігі айқын көрсетілген. Әрбір баланың білім алу, отбасылық махаббат пен қамқорлықта өсуге құқығы бар екенін автор жан-жақты ашады. Бұл