Іс-шаралар » Страница 18 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
13
ақпан
2025
“ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар» жобасы аясында 5 "Ә" сынып жетекшісі Мусаева Ақмарал оқушыларымен Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. Шара барысында оқушылар өздерінің оқыған өлеңдерімен қара сөздерін талқылады.  Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, біз әрқашан мақтан тұтатын тарихи тұлға. Ұрпаққа үлгі болған ұлы тұлғаның мұрасын дәріптеу - бізге міндет. Мақсаты: қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, Абай Құнанбаевтың мол мұрасын оқушыларға насихаттау.
«ӘР БАЛА БІР ЖҰЛДЫЗ, ЖАРҚЫРАУҒА ЖӘРДЕМ ЕТ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ
12
ақпан
2025
«ӘР БАЛА БІР ЖҰЛДЫЗ, ЖАРҚЫРАУҒА ЖӘРДЕМ ЕТ» АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ
     3 “В” сынып жетекшісі Р.Байшымырова оқушыларымен “Әр бала- бір жұлдыз, жарқырауға жәрдем ет“ тақырыбында сынып сағатын өткізді.       Мақсаты: жан-жақты жетілген, білімдіде тәрбиелі, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеп, ата-ана аманатын жалғастыратын толыққанды азамат тәрбиелеу, жас ұрпақты өз ойын жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу. 
"ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛАЙЫҚ!" АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛУДЕ
12
ақпан
2025
"ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛАЙЫҚ!" АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛУДЕ
      Шымкент қаласы білім басқармасының "Әдістемелік орталығы" КММ-нің 10.02.2025 күнгі №241 хатына сәйкес, №68 жалпы орта білім беретін мектебінде, ағымдағы жылдың 10-14 ақпан күндері аралығында «Шын жүректен кітап сыйлайық!» атты челлендж өткізілуде.       Челлендждің мақсаты: балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін насихаттау, жастарды кітап оқу мен білім алуға ынталандыру, кітап пен білімнің маңыздылығын көрсету.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
11
ақпан
2025
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9 "В" сынып жетекшісі А.Е.Тюльтебаева  және мектеп кітапханашысы Л.Лауланбекова оқушыларымен Шерхан Мұртазаның "Интернат наны" әңгімесін оқып, өзара талдады.       Мақсаты: оқушыларға  асты қадірлеудің маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып, еңбекқорлық, төзімділік, сабырлық қасиеттері туралы түсінік беріп,  білімді болуға, табандылыққа, еңбекқорлыққа, төзімділікке,
“ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
11
ақпан
2025
“ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС" ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
     Педагог-психолог Гүлмира Жұмахметова 10”А” сынып оқушыларына өзара қарым - қатынасты реттеу мақсатында “Жағымды қарым-қатынас” тақырыбында тренинг өткізді. Оқушыларға өз мінез-құлықтарын анықтау үшін, жағымсыз мінезден арылу үшін психологиялық әдістемелер жүргізілді. Тренингке оқушылар өз ойларын білдіріп, өзара тату болудың маңызды екенін айтты.
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "NURLY FEST" КӨПЖАНРЛЫ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
10
ақпан
2025
II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "NURLY FEST" КӨПЖАНРЛЫ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
      Түркістан қаласында "NURLY өнер орталығының" ұйымдастыруымен өткізілген II Халықаралық "NURLY FEST" көпжанрлы өнер байқауына қатысқан  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Полатбекқызы Еркеназым ерекше дарынымен «Әжем айтқан ертегі» әнімен алға шығып, жүлделі 2-орын иеленіп дипломмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын!!!
"МҰҚАҒАЛИ МӘҢГІЛІК - ҒҰМЫР" АТТЫ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ
10
ақпан
2025
"МҰҚАҒАЛИ МӘҢГІЛІК - ҒҰМЫР" АТТЫ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ
    Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Калмурзаева мен Н.Бейсенбекова Мұқағали ақынды еске алуға арналған «Мұқағали мәңгілік-ғұмыр» атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өткізді.      Кештің мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.      Әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде.     Ақынның туған күні қай жерде
"АЛЫПТЫ ҰШЫРҒАН ҰЯ" АТТЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
10
ақпан
2025
"АЛЫПТЫ ҰШЫРҒАН ҰЯ" АТТЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
      «Оқу және жазу мәдениеті» күніне орай,    қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Шанетова мен кітапханашы Л.Лауланбекова 8-10 сынып оқушыларымен «Алыпты ұшырған ұя» тақырыбында эссе байқауын өткізді.         Мақсаты: ұлтының тілін биіктерге көтерген ұлы тұлғалар есімін мәңгілік есте сақтап, шығармашылық мұраларын өскелең ұрпақ жадында қалдыру.          
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ
07
ақпан
2025
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ
     "АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ" жобасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.С.Бегимбетова 5-8 сынып оқушыларымен қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ақын, ұстаз, философ, сазгер, аудармашы Абай Құнанбайұлының қара сөздеріне челлендж өткізді.      Мақсаты: ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, білімге үйрету, сөздік қорларын молайту, патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін арттыру.
"ЕРЛІК - ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ -  ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
07
ақпан
2025
"ЕРЛІК - ҰРПАҚ ҰРАНЫ" АТТЫ ӘСКЕРИ - ПАТРИОТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
 Тәжік - ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында, Шымкент қаласының Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ерлік - ұрпақ ұраны»  тақырыбында әскери - патриоттық сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан №68  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары жүлделі I-ОРЫН иеленіп КУБОКпен марапатталса, жетекшісі Иманқұлов Асанбай Тәтішұлы белсенділік танытқаны үшін дипломмен марапатталды. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!