Іс-шаралар » Страница 6 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұшқан ұя» шығармасына арналған әдеби сағат өткізілд
09
қазан
2025
«Ұшқан ұя» шығармасына арналған әдеби сағат өткізілд
   Мектебімізде қазақ тілі 8 «Ә» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Елгондиеваның ұйымдастырумен халқының қаһарман перзенті, аты аңызға айналған батыр, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына арналған әдеби сағат өткізілді. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларды қазақтың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығымен тереңірек таныстыру, «Ұшқан ұя» повесі арқылы отбасылық тәрбие мен ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындыру, сонымен қатар көркем
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ерекше шара!
09
қазан
2025
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ерекше шара!
  №68 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Н.Бейсенбекова 6 "А"  сынып оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ әдебиетінің алғашқы романы – «Бақытсыз Жамал» шығармасына арналған  танымдық кездесу өтті.  Оқушылар ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығымен тереңірек танысып, роман желісі бойынша қызықты талдау жүргізіп, кейіпкерлерге мінездеме берді. Өз ойларын ашық білдіріп, әдеби талғамдарын дамытты.  
"Өнер сөздің патшасы, сөз сарасы" тақырыбында әдеби кеш өтті.
08
қазан
2025
"Өнер сөздің патшасы, сөз сарасы" тақырыбында әдеби кеш өтті.
   Мектебімізде Тіл мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Жунисова Жанар Масақбайқызы 7 "Ә" сынып оқушыларымен  "Өнер сөздің патшасы, сөз сарасы" тақырыбында әдеби кеш өтті.  Оқушылар Абай Құнанбаев, Қадір Мырзали, Мұқағали Мақатаев сынды ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды.  Мақсаты: Оқушылардың ана тілімізді құрметтеуді, сөз саптау, сөз құдіреттілігін сезіндіру.
"Ұстазым-ең керемет адам"
04
қазан
2025
"Ұстазым-ең керемет адам"
   02.10.2025 жылы "ҰСТАЗДАР КҮНІ" мерекесіне орай ұйымдастырылған "Ұстазым-ең керемет адам" челленджіне 2"А"сынып оқушылары да белсене қатысты. Челлендждің мақсаты: оқушылардың ұстаздарға деген алғысын білдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мерекелік көңіл-күй сыйлау. 2"А" сынып жетекшісі Г.Ж.Абуоваға шәкірттері өз лебіздерін білдірді.  Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Тынымсыз еңбектеріңіз бен мейірімді жүректеріңіз үшін алғысымыз шексіз!
«Қарттарым асыл қазынам»
04
қазан
2025
«Қарттарым асыл қазынам»
     №68 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрьие бағдарламасы аясында 1 қазан -Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай түзілген іс шара  жоспарына сәйкес ДТЖЖО М.П.Альменова   ұйымдастыруымен  5-6 сынып оқушылары арасында «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында іс-шара өткізілді.   А.Айтақынның орындауында «ӘКЕ» әні, П.Айкөркемнің орындауында «Апа» әндері орындалды. А.Мусаева бейне ролик көрсетіп, сол арқылы сұрақ-жауап алаңы құрылды.  1-қазан -  Халықаралық қарттар
«Тіл-ұлттың жаны, халықтың қазынасы»
04
қазан
2025
«Тіл-ұлттың жаны, халықтың қазынасы»
   Шымкент қаласы  Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде  06-10.10.2025ж. аралығында өтіп жатқан «Тіл-ұлттың жаны, халықтың қазынасы» атты онкүндік  жоспары аясында,  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Н.Шанетова  Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толу мерейтойына орай «Аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды» тақырыбында 9"Ә"-сынып оқушыларымен  дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: алғашқы қазақ ғалымы, фольклорист, әдебиет зерттеуші Шоқан Уәлихановтың өмірі
"Ұстазға хат"
01
қазан
2025
"Ұстазға хат"
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде  Ұстаздар мерекесіне  орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Абдуллаеваның  ұйымдастырумен 9 "Б" сынып оқушылары  "Ұстаздарға алғыс" атты "Ұстазға хат" челленджі өткізді. Мақсаты: Ұстаз еңбегінің қадірін арттыру, оқушылардың жүрек жарды тілектері мен алғыстарын жеткізу, ұстаздарға құрмет пен ризашылық мәдениетін қалыптастыру. 
«Таңда, өзгер, жасампаз бол!
30
қыркүйек
2025
«Таңда, өзгер, жасампаз бол!
 Мектебімізде кәсіптік бағдар беру педагогы М.Е.Хайрова ұйымдастыруымен 11-сыныптарға «Таңда, өзгер, жасампаз бол!» тақырыбында тренинг сабағы өткізілді.  Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, еңбек нарығы туралы ақпарат беру және өзін-өзі тануға көмектесу. Тренингте мамандық таңдау бойынша кеңестер беріліп, сұранысқа ие, жойылып кеткен және жойылу қаупі төнген мамандықтар туралы ақпараттар айтылды. Тренинг соңында оқушылар өз
《АДАЛ АЗАМАТ - АДАЛ ЕҢБЕК - АДАЛ ТАБЫС》ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР
28
қыркүйек
2025
《АДАЛ АЗАМАТ - АДАЛ ЕҢБЕК - АДАЛ ТАБЫС》ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ
   26.09.25 ж.мектепте "Адал азамат- адал еңбек - адал табыс тақырыбындағы" қалалық тәжірибелік семинарда тарих және география пәні мұғалімдері А.Б.Аширбаев пен Н.Е.Серкебаева "ЖИ АӘТД сабағында пайдалану" тақырыбында АӘТД пәні мұғалімдерімен тренинг сабағын өтті. Мақсаты: Мұғалімдердің ЖИ платформалары туралы білімін арттыру. Оларды жас ерекшеліктеріне қарай (жас маман,орта буын,тәжірибелі ұстаздар) топтап, тәжірибе алмасуға ұйымдастыру. Өмір қауіпсіздігі ережелері мен ақпараттық технологияны
Саптан шықпаған сарбаз
28
қыркүйек
2025
Саптан шықпаған сарбаз
  «Жас сарбаз» сынып оқушыларына әскери қызметтің маңызын түсіндіру, патриоттық тәрбие беру, ардагердің өмір жолынан үлгі алу мақсатында «ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ АРДАГЕРІ», РҚБ Шымкент қаласы филиалының төрағасы, ардагерлер қауымдастығының төрағасы. Шымкент қаласының «Құрметті азаматы»,  ҚР қоғам қайраткері Онбаев Серікбай Мейірбайұлымен «Саптан шықпаған сарбаз» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуді  мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Альжанов өткізді.   Қарулы күштер