Біз туралы » Страница 18 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
Р.Е.Ашықбаева оқушылармен артикуляциялық жаттығулар жүргізді.
27
қаңтар
2023
Р.Е.Ашықбаева оқушылармен артикуляциялық жаттығулар жүргізді.
  Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық тапсырмаларға қарай артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату үшін және фонематикалық қателікті түзету мақсатында педагог логопед маманы Р.Е.Ашықбаева оқушылармен артикуляциялық жаттығулар жүргізді.
"РИЗАШЫЛЫҚ-БІЛІМ БҰЛАҒЫ"
25
қаңтар
2023
"РИЗАШЫЛЫҚ-БІЛІМ БҰЛАҒЫ"
 Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің "Алғыс айту" күніне арналған "Ризашылық-мейірімділік бұлағы" жалпы ұлттық мәдени білім беру жобасы аясында өткізілген Ұлттық пікірсайыс турнирінен Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Есенбаев Тілеухан, Раушанбек Марал, орыс лигасынан Орынбасар Әсия, Тулемет Саниралар аудандық кезеңге жолдама алды.
"Жас құтқарушылар"
24
қаңтар
2023
"Жас құтқарушылар"
7«Ғ» сынып жетекшісі А.Есіркепов "Жас құтқарушылар" тобынан құрылған оқушыларымен үйірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында кермеде тартылу, Ак-74 шашып-жинау, пресс жасау, верпи, оққағар шашып-жинау, ОЗК кию сияқты жаттығулар жасап, Отан қорғауға деген дайындықтарын көрсетті.
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС»
21
қаңтар
2023
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС»
     2023 жылғы 20 қаңтар күні жалпы қалалық білім ұйымдарында ZOOM бағдарламасы арқылы тікелей басқарма басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызының төрағалығымен қалалық педагогикалық кеңес өткізілді.       Мектебіміздің педагог қызметкерлері де бұл пед кеңеске қатысып, басқарма басшысының бастамаларын қолдайтындығын білдірді.
«СЫРЛЫ СӨЗ» ЖАС САХНА ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ
04
қаңтар
2023
«СЫРЛЫ СӨЗ» ЖАС САХНА ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ
      Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған «Сырлы сөз» жас сахна жүргізушілері байқауына ерекше қабілеті мен жоғары бейімділігін танытқаны үшін №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8«Ә» сынып оқушысы Қолқанат Алтынай және 9«А» сынып оқушысы Али Жандаулет III орын иеленіп, мадақтамамен марапатталса, жетекшісі Омирбаева Айгул ұстаздық жолында шеберлігі мен біліктілігін
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
29
желтоқсан
2022
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігі, Шымкент қаласы, Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде №68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Қазақстан тарихы пәні бойынша Наширов Денис 2-дәрежелі, Үмбет Несібелі 2-дәрежелі, Ақылбек Қаракөз 3-дәрежелі, Абдукалик Жасмин 3-дәрежелі дипломдарымен марапатталса, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Берше Айсу
Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
29
желтоқсан
2022
Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
  Ұжымымыздың тәжірибелі маманы Тлепов Мақсат Сапарұлы өнегелі еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды! Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
Жаңа жыл құтты болсын!
29
желтоқсан
2022
Жаңа жыл құтты болсын!
Мектеп директоры Г.А.Пржанова ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында, сыйлықтар табыстады.
Жеңіс құтты болсын!!!
28
желтоқсан
2022
Жеңіс құтты болсын!!!
Шымкент қаласы «Дарын» орталығының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының екінші (облыстық) кезеңінің жеңімпазы №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Пердебек Ұлжалғас 1-дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Г.Лесбаева. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Ұлжалғасты жеңісімен құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады.  Жеңіс құтты болсын!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
28
желтоқсан
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Өнердегі білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін №68 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Пржанова Гулнур Аскербековна және АӘТД жетекшісі Иманқұлов Асанбай Тәтішұлы Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының президенті М.Тыныбаеваның алғыс хатымен марапатталды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!