Біз туралы » Страница 21 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢI ӨТТІ.
22
қараша
2022
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢI ӨТТІ.
   Шымкент қаласы бiлiм баскармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектепте Дарын орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олемпиаданың 2-шi (аудандық) кезеңі 2022 жыл 22-қараша күнi сағат 10:00 мен 15:00 арасында ашықтық пен академиялық адалдықты сақтай отырып, www.daryn-shymkent.kz веб-сайты арқылы онлайн форматта, Биология, География, Информатика пәндері бойынша YouTube каналында тiкелей трансляциясымен өтті. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!
«ЭТНО-АРТ-ДИЗАЙН»
21
қараша
2022
«ЭТНО-АРТ-ДИЗАЙН»
    Бурабай қаласында, "Балдәурен" демалыс орнында Халықаралық қолөнер шеберлері, кәсіби суретшілер мен көркем еңбек пәнінің педагогтарының арасында «ЭТНО-АРТ-ДИЗАЙН» бағытында өткізілген Халықаралық симпозиум көрмесіне қатысқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің еңбек пәні мұғалімдері А.Турешова  мен З.Аблаевалар үздік туындысы үшін дипломмен және алғыс хатпен марапатталды. Мұғалімдерді мектеп директоры Г.Пржанова құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
"Білімді мұғалім" интеллектуалдық қалалық сайысына №68 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдері қатысып жүлделі орындарға ие болды
19
қараша
2022
"Білімді мұғалім" интеллектуалдық қалалық сайысына №68 жалпы орта
   Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының 2022ж. 03 қараша №190 хаты негізінде Педагогтардың теориялық және практикалық біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында  өткізілген "Білімді мұғалім" интеллектуалдық қалалық сайысына №68 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдері қатысып жүлделі орындарға ие болды: ✅ Ағылшын тілі пән мұғалімі Беймусаева Ұлмекен - ІІ орын; ✅ Химия пәні мұғалімі Катенова Ботагөз - II орын;  ✅ Биология пән мұғалімі Нүрпейісова Ләззат - ІІ
V-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖАС ТОЛҚЫН» ӨНЕРПАЗДАРЫ
16
қараша
2022
V-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖАС ТОЛҚЫН» ӨНЕРПАЗДАРЫ
    Балалар жылына орай Тараз қаласы «Балауса Жұлдыздар» өнер орталығында өткізілген V-Халықаралық «Жас толқын» өнер байқауына қатысқан мектептің өнерпаздары жүлдемен оралды. Музыка пәнінің мұғалімі Сариева Гульжан «Үздік педагог» иегері атанып, дипломмен марапатталса, 3«Ғ» сынып оқушысы Күмісбек Кәусар мен 7«В» сынып оқушысы Тұрғанбек Диана - Бас жүлдемен марапатталды. Ал, 5«Г» сынып оқушысы Жамбулбай Айару, 11«Ә» сынып оқушысы Сейілбек Әсет, 4«Г» сынып оқушысы Сапархан Каусар I-орын иегері
"СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ"
14
қараша
2022
"СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ"
    Мектебіміздің «Өнеге» тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Сөйлеу әдебін білеміз бе?» тақырыбында ұлдар кеңесі өтті. Сөйлеу–қоғамдық сипаты мол қасиет. Сөйлеу мәдениеті дегенге тек сыпайы сөйлеу деген ұғым қалыптаспауы керек. Адамның қалай сөйлегеніне қарап, оның рухани және парасат өрісін, ішкі мәдениетінің дәрежесін анықтауға болады. Кей жағдайда үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастардың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні,
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
12
қараша
2022
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
   Мектеп психологы - бұл эмоционалдық, әлеуметтік және әр жастағы баланың психологиялық тұрғыда дұрыс даму мәселелермен айналысатын балаларға көмек көрсету үшін білім беру жүйесінде жұмыс істейтін психолог маманы. Мектеп психологиясының мақсаты - ата-аналармен, мұғалімдермен және оқушылармен балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын салауатты білім беру ортасын дамытуға көмектесу.
"МЕН АҚЫЛДЫ БАЛАМЫН" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
10
қараша
2022
"МЕН АҚЫЛДЫ БАЛАМЫН" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп психологы Жұмахметова Гүлмира 3”А” сынып оқушыларымен “Мен ақылды баламын” тақырыбында тренинг өткізді. Оқушылар өздерінің танымдық процесін психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы дамытты. Тренинг барысында оқушыларды 2-топқа бөліп, сайыс түрінде ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар тренингке белсенді қатысып отырды.
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
26
қазан
2022
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
  Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай ауданымыздың мектеп мұғалімдері арасында өткізілген футбол турнирінде «Ең үздік ойыншы» номинациясымен марапатталған денешынықтыру пәні мұғалімі Тілеу Әбілқайыр мектеп директоры Г.А.Пржанованың алғысына бөленіп, бүгінгі күннің үздігі атанды.
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН!"
26
қазан
2022
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН!"
  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, 25 қазан Республика күніне орай "Менің Отаным Қазақстан!" тақырыбында кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және кітапханшы Л.Лауланбекова 5-9 сыныптар аралығында  мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Оқушылар отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін және патриоттық сезімдерін білдіру мақсатында өлең шумақтар оқыды.
Жеңіс құтты болсын! Тек қана Алға!!!
26
қазан
2022
Жеңіс құтты болсын! Тек қана Алға!!!
  Шымкент қаласының Кекушинкай каратэден 10-11 жас ерекшелігі бойынша 28 кг салмақта ашық біріншілігі өтті. Біріншілікке мектебіміздің жас жеткіншектері 5 «Б» сынып оқушылары Аңсар Ерқанат пен Қалдыбай Нұрым қатысып, Аңсар Ерқанат ІІ орынды, Қалдыбай Нұрым ІІІ орынды иеленді. Ерқанат, Нұрым жарайсыңдар!!! Тек Алға!!!