Біз туралы » Страница 23 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жасөспірім және қылмыс" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
07
қазан
2022
"Жасөспірім және қылмыс" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
   Мектебімізде "Қылмыссыз балалық шақ" атты онкүндік жоспары аясында 5 «А» сынып жетекшісі  Ж.Н.Калмурзаева және 5 «Д» сынып жетекшісі Н.Серкебаева  оқушыларымен "Жасөспірім және қылмыс" тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. Кейбір жасөспірімдер өкінішке орай қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынын біле бермейді. Сол себепті, жас ұрпақты мейірімділікке, имандылаққа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға міндетті екенін түсіндірді.  Мақсаты: Оқушыларға қылмыс туралы мағлұмат
ШЫМ-ҚАЛА ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ
06
қазан
2022
ШЫМ-ҚАЛА ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ
   Тарих пәні мұғалімі Ә.Бостанованың  жетекшілігімен  9 «В» сынып оқушылары Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы сақталған, ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған мәртебелі қаламыздың өткені мен бүгінін тану және келешек ұрпаққа тарихын насихаттау мақсатында  Шым-қала тарихи-мәдени кешеніне экскурсия ұйымдастырылды. «Туған өлке тарихы» тақырыбында арнай көрме жасақталып, экскурсия барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кешен аумағында шолу экскурсиясы өтті. Экскурсиядан оқушыларымыз керемет
"МЕН БІЛІМДІ БАЛАМЫН"
06
қазан
2022
"МЕН БІЛІМДІ БАЛАМЫН"
  Мектеп психологы Г.Жұмахметова 2«А» сынып оқушыларымен “Мен білімді баламын” тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін дамыту және оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
"АБАЙЛАҢДАР,  БАЛАЛАР!" СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
06
қазан
2022
"АБАЙЛАҢДАР, БАЛАЛАР!" СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектебімізде "Үштік одақ: Ата-ана-мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 8"А"  сынып жетекшісі Сагинбекова Гүлназ Пайзллақызы ата-ана Аманбаева Қатира Арапбайқызымен біріге отырып 8"А" сынып оқушыларымен "Абайлаңдар, балалар!" атты  жол ережесіне арналған тәрбиелік сынып сағатын өткізді. Іс-шарада оқушыларға жолда жүру ережесін сақтау, жол белгілерінің түрлерімен таныстыру,  бағдаршамның атқаратын қызметтері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар жол
"ДУБЛЕР КҮНІ" ӨТКІЗІЛДІ.
05
қазан
2022
"ДУБЛЕР КҮНІ" ӨТКІЗІЛДІ.
  Мектебімізде "Балалар жылы" аясында, "Өзін-өзі басқару" ұйым мүшелері, мектеп парламенті, арнайы "Дублер күнін" ұйымдастырды. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылдық қабілеттерін іске асыру, білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту.
Р.О.Карибозова 11 «Ә» сыныбында М.А.Дудин, «Берегите, землю!» тақырыбында Lesson Study сабағын өткізді
04
қазан
2022
Р.О.Карибозова 11 «Ә» сыныбында М.А.Дудин, «Берегите, землю!»
    Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.О.Карибозова 11 «Ә» сыныбында М.А.Дудин, «Берегите, землю!» тақырыбында Lesson Study сабағын өткізді. Оқушылар сабақ барысында «Исследуй и создай» әдіс-тәсілін қолдана отырып, «Познай себя», A,B,C деңгейлік тапсырмаларын орындап, постер қорғады. Мақсаты, табиғатқа деген сүйіспеншілік және қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру, табиғатты аялауға және қорғауға баулу, табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП - МҰҒАЛІМНІҢ ЕҢ ЕТЕНЕ КӘСІПТІК БЕЛГІСІ.
03
қазан
2022
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП - МҰҒАЛІМНІҢ ЕҢ ЕТЕНЕ КӘСІПТІК БЕЛГІСІ.
    Педагогикалық кеңес әдебінің төрағасы А.Аймановтың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында "Педагогикалық әдеп - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. А.Айманов ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп, педагогикалық әдептің ерекшеліктері жайлы айта келе, педагог қызметінде өз пәнін жетік білу және оқытудың әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеру маңызды ма, әлде оның педагогикалық мәдениеті мен өмірлік ұстамы маңызды ма? - деген сұрақты ортаға тастады.
"Жаһандану дәуірі мен ана тілі"  тақырыбында Lesson study cабағы өткізілді.
30
қыркүйек
2022
"Жаһандану дәуірі мен ана тілі" тақырыбында Lesson study cабағы
  Мектеп өміріне еніп отырған  жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жас тұлғаны жан-жақты дамыту. Lesson study әдісі-ондағы басты мақсат әріптестермен бірігіп сабақ жоспары мен зерттелу сабағын талқылайды. Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.Әбибулла 9 "А" сыныбында "Жаһандану дәуірі мен ана тілі"  тақырыбында Lesson study cабағын өтті. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбына ерекше қызығып, сабақта өз ойларын еркін айтып сабаққа белсене  қатысып отырды.
LESSON STUDY-зерттеу сабағы
30
қыркүйек
2022
LESSON STUDY-зерттеу сабағы
  Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study - оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған
"Үштік одақ: Ата-ана-мұғалім-оқушы"
30
қыркүйек
2022
"Үштік одақ: Ата-ана-мұғалім-оқушы"
  Мектебімізде "Үштік одақ: Ата-ана-мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 6"Б"  сынып жетекшісі Абдуллаева Нұргүл Сәкенқызы  ата-аналары  Алима Қоңырбаева және Назгүл Бейсенбековалармен біріге отырып 6"Б" сынып оқушыларымен "Абайлаңдар, балалар" атты  жол ережесіне арналған тәрбиелік сынып сағатын өткізді. Іс-шарада оқушыларға жолда жүру ережесін сақтау, жол белгілерінің түрлерімен таныстыру,  бағдаршамның атқаратын қызметтері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.