📚 «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚 «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин»
03
қараша
2026

📚 «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин»

   №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақ халқының ұлы ағартушысы, көрнекті педагог, балалар әдебиетінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсаринге арналған «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында ақпараттық бұрыш пен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға 4 және 6-сынып оқушылары қатысып, Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, қазақ даласында білім мен ағартушылықтың дамуына қосқан зор үлесі туралы мағлұмат алды.

Көрме барысында оқушылар ұлы ұстаздың өнегелі өмірімен танысып, тағылымды шығармаларының тәрбиелік мәніне назар аударды.

Мақсатымыз – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлы тұлғалардың мұрасын насихаттау.

«Кел, балалар, оқылық!» деп ұран тастаған Ыбырай атамыздың ағартушылық жолы бүгінгі ұрпаққа да үлгі болып қала береді!

📖 Кітап оқыған ұрпақ – кемел болашақтың кепілі!




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив