31
қазан
2026
ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ЖҮЗГЕН ӨРЕНДЕР! ҚАЗАҚ ӨНЕРІ ҚЫТАЙ САХНАСЫНДА!
2026 жылғы 26 қазанда №68 жалпы орта білім беретін мектебінің талантты оқушылары Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен Халықаралық балалар өнер фестиваліне қатысып, қазақ өнерінің асқақ рухын халықаралық сахнада танытып, мектебіміздің мерейін үстем етті!
Өнер додасында ерекше қабілетімен көзге түскен шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болып, үлкен жетістікке қол жеткізді.
ВОКАЛ ЖӘНЕ ӘН АЙТУ САНАТЫ БОЙЫНША:
Күмісбек Кәусар – жоғары деңгейдегі орындаушылығы, ерекше шығармашылық шеберлігі мен техникалық қабілетін танытып, фестивальге белсенді қатысқаны үшін БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ атанды. Жетекшісі – Шынар Кәріпбаева.
Полатбек Айкөркем- вокалдық орындаудағы шеберлігімен дараланып, І дәрежелі диплом иегері атанды. Жетекшісі – Шынар Кәріпбаева.
Полатбекқызы Еркеназым – вокалдық орындаудағы шеберлігімен дараланып, І дәрежелі диплом иегері атанды. Жетекшісі – Шынар Кәріпбаева.
-ДОМБЫРА ЖӘНЕ ЖЕКЕ ОРЫНДАУ САНАТЫ БОЙЫНША:
* Қанат Баян – І дәрежелі диплом иегері.
* Құттыбай Ақмаржан – І дәрежелі диплом иегері.
Жетекшісі – Гүлжан Сариева.
Бұл жетістік – жас таланттардың табанды еңбегі мен талмай ізденісінің, ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қолдауының жемісі.
Қытай елінің төрінде қазақтың әні әуелеп, домбыраның күмбірлеген үні шетелдік көрерменге жетті. Өнер арқылы ұлт рухын танытып, туған елінің мәдени мұрасын дәріптеген жас өрендеріміздің бұл жеңісі – баршамыз үшін зор мақтаныш!
Бүгін – мектебіміздің мақтаныштары, ертең – қазақ елінің мақтанышына айналар дарынды ұрпақ!
Жас өнерпаздарымызға алар асуларың биік, бағындырар белестерің көп болсын дейміз! Ұстаздарына шәкірттерінің әрбір жеңісі қуаныш пен шабыт сыйлай берсін!
Өнерлерің өрге жүзсін, жас дарындар!
Қазақтың көк туы әрдайым биікте желбіресін! 🇰🇿✨