КІТАП ОҚИЫҚ, БЕЙНЕПІКІР ЖАРИЯЛАЙЫҚ, ҰПАЙ ЖИНАЙЫҚ! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КІТАП ОҚИЫҚ, БЕЙНЕПІКІР ЖАРИЯЛАЙЫҚ, ҰПАЙ ЖИНАЙЫҚ!
02
қараша
2026

КІТАП ОҚИЫҚ, БЕЙНЕПІКІР ЖАРИЯЛАЙЫҚ, ҰПАЙ ЖИНАЙЫҚ!

✨ «Кітап оқитын ұлт» – рухани жаңғыру мен зияткерлік дамудың жарқын жолы!
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мектеп» бағыттары бойынша кезекті 4-кітапты оқу марафоны жалғасуда!
Құрметті № 68 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары, ата-аналары және оқушылары! Кітап оқып қана қоймай, одан алған әсерімізді, түйген ойымызды бейнепікір арқылы бөлісетін сәт келді!
🔹 МАҢЫЗДЫ МЕРЗІМДЕР:
🔸21 қазан – 1 қараша 2026 жыл – 4-кітапты оқу кезеңі.
🔸30 қазан 2026 жыл – бейнепікір қабылдау басталады.
🔸 ⏰ 1 қараша 2026 жылға дейін жарияланған бейнепікір үшін қосымша 50 ұпай беріледі!
🔸 🏆 ҰПАЙ ЖИНАУ ЖҮЙЕСІ:
Белсенділік түрі Ұпай
Әр оқылған кітап үшін 250 ұпай
Әр кітапқа бейнепікір жариялағаны үшін +50 ұпай
Марафонның жалпы оқу қарқынын сақтағаны үшін (10–15 күнде 1 кітап) +50 ұпай
🔸БІР КІТАПҚА БЕРІЛЕТІН ҰПАЙ МҮМКІНДІГІ:
🔸Кітап оқу – 250 ұпай;
🔸 Бейнепікір жариялау – 50 ұпай.
Барлығы: 300 ұпай!
 Ал марафонның белгіленген оқу қарқынын сақтағаны үшін қосымша 50 ұпай қарастырылған.
🔸Ендеше, уақытты тиімді пайдаланып, кітапты оқып аяқтайық! Оқыған шығармамызға бейнепікір түсіріп, жариялайық! Әрбір пікіріміз арқылы оқуға құштарлықты арттырып, өзгелерге шабыт сыйлайық!
Кітап оқыған озады, ой бөліскен оятады!
✓ОҚЫ!
✓ПІКІР БӨЛІС
✓ҰПАЙ ЖИНА!
✓РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫС!
Кітап оқитын ұлт болуға бірге үлес қосайық!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ – ЕЛ МЕРЕЙІ!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив