Болашақ бүгіннен басталады! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Болашақ бүгіннен басталады!
02
қараша
2026

Болашақ бүгіннен басталады!

   №68 жалпы орта білім беретін мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары үшін маңызды кезең туды. Мектеп бітіргеннен кейін қандай мамандық таңдау керек, қай бағытта білім алған жөн деген сұрақтар әрбір түлекті мазалайтыны анық.
Осы орайда оқушыларымызға бағыт-бағдар беру мақсатында «Мансап компасы» (mansap.enbek.kz) цифрлық платформасымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Платформа көмегімен оқушылар арнайы кәсіби бағдарлау тестінен өтіп, өздерінің мықты тұстарын, қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтады.
Бұл сервис оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды, жалақы деңгейін және таңдаған кәсібін қай оқу орнында меңгеруге болатынын білуге мүмкіндік береді.
Болашақ мамандықты саналы түрде таңдап, өз жолыңды адаспай табуға «Мансап компасы» таптырмас құрал.
Жас түлектер, өз болашағыңды бүгіннен бастап жоспарла!

Кәсібіи бағыт бағдар беру бойынша педагог М.Е. Хайрова






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив