29
қазан
2026
📌 ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында мектеп ұжымымен кездесу өтті.
Кездесу барысында мектеп директоры Айнұр Бимырзаева Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі бағыттар мен маңызды міндеттерді мектеп ұжымына түсіндіріп, оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен білім беру саласы үшін маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, тарих пәнінің мұғалімі Нұртілес Дүйсенбаев Жолдаудың тарихи және қоғамдық маңызына тоқталып, оның негізгі бағыттары жөнінде өз ойымен бөлісті.
Жиын барысында білім сапасын арттыру, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті нығайту мәселелері сөз болды.
Мұндай кездесулер мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсінуге, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге ықпал етеді.