29
қазан
2026
«Білгеніңмен бөліс» – тәжірибе алмасу алаңы
Мектебімізде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Білгеніңмен бөліс» айдарымен тәжірибе бөлісу сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында білімін жетілдіру курстарынан өтіп келген мұғалімдер курста меңгерген жаңа білімдері мен озық тәжірибелерін әріптестерімен бөлісті.
Математика пәні мұғалімі П.Ақбаева «Қаржылық сауаттылық: мұғалімнің қаржылық білімі және оқушының өмірлік дағдылары» тақырыбында баяндама жасап, қаржылық сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығына, оқушылардың күнделікті өмірде қаржылық шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту жолдарына тоқталды.
Информатика пәні мұғалімі Г.Тастанбекова «Білім берудегі ЖИ модельдері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісіп, жасанды интеллект модельдерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану, сабақ сапасын арттыру және мұғалімнің күнделікті жұмысын жеңілдету мүмкіндіктерін таныстырды.
Кездесу барысында мұғалімдер өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибелерін толықтыруға мүмкіндік алды. Мұндай іс-шаралар педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына, заманауи білім беру технологияларын меңгеруіне және тәжірибені ортаға салу арқылы білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Білгенмен бөлісу – білімді еселеудің, тәжірибені байытудың және кәсіби өсудің тиімді жолы!