27
қазан
2026
Мағжан еңбегі — маржан 💎📚
«Сау денеде — сау ақыл, сау қайрат, сау көңіл болады».
Ұлт ұстазы Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін оқыған сайын, оның әрбір сөзі уақыт өтсе де құнын жоғалтпайтын асыл маржан екеніне көз жеткізесің.
Мағжан бұл кітапта тәрбиені төртке бөледі: дене, ақыл, құлық және сұлулық тәрбиесі. Ұлы ұстаз осы төрт тәрбиені бір-бірінен бөліп-жаруға болмайтынын, олардың өзара тығыз байланыста екенін айтады. Сонымен қатар, бала тәрбиесі ес білгеннен емес, сәби дүниеге келген сәттен басталатынын баса көрсетеді.
Ұрпақ тәрбиесі ең алдымен дене тәрбиесінен басталады. Себебі денесі шынықпаған, денсаулығы мықты емес баланың бойында білім де, қайрат та толық ашыла алмайды. Бұл — бүгінгі заманда да маңызын жоймаған үлкен тағылым.
Осы орайда айта кетерлігі, бұл кітап тек педагогтерге немесе мұғалімдерге арналмаған. Бұл — отбасын жаңа құрған әрбір ата-анаға, соның ішінде өмірге сәби әкелуді күтіп отырған аналарға ауадай қажет дүние! Егер де жаңа босанғалы отырған немесе сәби күтіп жүрген жақын адамыңызға не сыйларыңызды білмей жүрсеңіз, осы «Педагогика» кітабын сыйлауға кеңес беремін! Бұл — болашақ ұрпақ тәрбиесіне жасалған ең асыл сыйлық болмақ.