26
қазан
2026
15 КІТАП – 6 АЙЛЫҚ РУХАНИ САПАР!
15 КІТАП – 6 АЙЛЫҚ РУХАНИ САПАР!
✨ Кітап оқыған ұлттың ойы озық, рухы биік!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
№68 жалпы орта білім беретін мектебі баршаңызды «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып, білім мен руханият әлеміне бірге қадам басуға шақырады!
15 қыркүйек 2026 жыл – 9 наурыз 2027 жыл
Алты айға созылатын бұл тағылымды сапар барысында 15 кітап оқып, таным көкжиегімізді кеңейтіп, рухани әлемімізді байытамыз. Әрбір кітап – жаңа ойдың бастауы, әрбір парақ – өмірді тереңірек тануға ашылған терезе.
Марафонға қатысу тәртібі:
Әр кезеңнің басында жоба сайтына кіріп, жеке кабинетіңіз арқылы оқитын кітабыңызды таңдаңыз.
Кітап таңдауыңызды оқу басталған алғашқы үш күн ішінде өзгертуге болады. Егер осы мерзімде таңдау жасалмаса, кітап жүйе арқылы автоматты түрде тағайындалады.
Күнделікті кітап оқуға уақыт бөліп, оқыған шығармаңызды жақындарыңызбен талқылаңыз.
Кітаптан алған әсеріңізбен бөлісіп, жаңа ойлар мен тағылымды тұжырымдарды ортаға салыңыз.
Біздің мақсатымыз – 15 кітапты оқып шығу ғана емес, кітапты өмірлік серігімізге айналдыру! Өйткені кітап оқыған адам ойлануды үйренеді, ізденген адам дамиды, ал білімге құштар ұрпақ ел болашағын қалыптастырады.
Ендеше, парақтарын бірге ашып, жаңа әлемдерді бірге танып, алты айлық рухани сапарымызды жарқын жетістіктермен аяқтайық!
Кітап оқиық – ойымызды өсірейік, рухымызды байытайық, болашағымызды жарқын етейік! ❤️📚