13
қараша
2026
📚 N68 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНДЕ АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ!
11 қараша күні 7 «Ғ» сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Орынбасарқызының «О внешней и внутренней красоте» — «Сыртқы және ішкі сұлулық туралы» тақырыбында ашық сабағы өтті.
Сабақта оқушылар «Екі ваза туралы» притчаны оқып, талдады. Алтын вазаның сыртқы жарқырауы мен қарапайым саз вазаның ішкі жылуын салыстыра отырып, нағыз сұлулық — сыртқы келбетте емес, адамның ішкі жан дүниесінде: мейірімділікте, адалдықта, құрметте екенін түсінді.
Оқушылар топтық және жұптық жұмыстарда белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді, шығармашылық тапсырмалар орындады. Сабақ «Адал азамат» құндылығымен тығыз байланысты өтті.
Сабаққа қатысқан әріптестерімізге алғыс білдіреміз! Роза Орынбасарқызына шығармашылық табыс тілейміз! 💐