ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ҰСТАЗДАР! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ҰСТАЗДАР!
14
қараша
2026

ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ҰСТАЗДАР!

   №68 жалпы орта білім беретін мектеп баршаңызды «Каникулда кітап оқимыз» республикалық марафонының II кезеңіне белсенді қатысуға шақырады!
 Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани дамудың сарқылмас қазынасы. Каникул уақытын тиімді пайдаланып, сүйікті кітабыңызды оқып, білім көкжиегіңізді кеңейтуге мүмкіндік алыңыз!
📅 Өткізілу мерзімі: 10–20 қараша
🌐 Өтетін платформасы: shyn-kitaphana.kz
🏆 Марафонның жүлде қоры:
* 35 үздік оқырманға – 35 000 теңгеден ақшалай сыйлық;
* 35 үздік мектеп кітапханасына – 35 кітаптан сыйлық;
* Өзге де көптеген бағалы сыйлықтар!
Бұл марафон – кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, үздіктер қатарынан көрінуге берілген тамаша мүмкіндік!
Кітап оқыңыз, біліміңізді толықтырыңыз, өз мүмкіндігіңізді сынап көріңіз!
Баршаңызды марафонға белсенді қатысуға шақырамыз!
📖 Кітап оқитын ұрпақ – кемел болашақтың кепілі!
Ізгі ниетпен,
№68 жалпы орта білім беретін мектебі
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив