13
қараша
2026
БАЛА ТӘРБИЕСІ – МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
2026 жылғы 13 қараша күні №68 жалпы орта білім беретін мектепте 8–11-сынып ата-аналарына арналған «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында жалпы мектепішілік және сыныпаралық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынды мектеп директоры А.Ж. Бимырзаева ашып, бала тәрбиесіндегі талап пен қолдаудың маңыздылығына тоқталып, мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бала болашағындағы рөлін атап өтті.
Кездесу барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары П.А. Альжанов І тоқсан қорытындысы мен білім сапасы туралы баяндады. Е.Н. Утегенов цифрлық қауіпсіздік мәселелерін көтерсе, А.Б. Аширбаев құқықбұзушылық, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдарын түсіндірді.
Педагог-психологтар Г.А. Жұмахметова мен Р.Е. Ашықбаева психологиялық тренинг өткізді. М.П. Альменова «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында отбасындағы кітап оқу мәдениетінің маңызын насихаттаса, Г.М. Нахипова дұрыс тамақтану мәселесіне тоқталды.
Жиналыс барысында ата-аналар да белсенділік танытып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Мектеп ұжымының еңбегіне ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да білім ордасының бастамаларына қолдау көрсететіндерін жеткізді. Бала тәрбиесінде ұстаздармен бірлесе әрекет етіп, ортақ мақсат жолында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін атап өтті.
Әсіресе, ата-аналардың өз балалық шақтарындағы ұстаздар бейнесін еске алып, бұрынғы мұғалімдердің талапшылдығы, тәртібі, берген тәлімі мен өнегесі туралы әңгімелері ерекше әсер қалдырды. Ұстаздың бір ауыз сөзі мен тәрбиесінің адам өмірінде қаншалықты маңызды орын алатыны жөнінде ой бөлісті.
Балаға жақсы тәрбие беру – ата-ана мен ұстаздың ортақ еңбегі. Бірі баласына жүрек жылуын сыйласа, бірі білім мен өмірлік бағыт береді. Екеуінің мақсаты бір болғанда ғана нәтижелі тәрбие қалыптасады.
Мектеп пен ата-ана арасындағы сенім – бала болашағына салынған ең берік көпір!