17
қараша
2026
ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ!
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың денсаулығын сақтау, түрлі аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында ақпараттық-танымдық диктант өткізілді.
Диктант жұмысы төмендегі үш тақырыпты қамтыды:
«Мектеп жасындағы балалар арасындағы миопия аурушаңдығы» – көру қабілетін сақтау, көз гигиенасы және көзге түсетін жүктемені дұрыс реттеу туралы ақпарат берілді.
«Мектеп жасындағы балалардағы сколиоз белгілері» – омыртқа саулығы, дұрыс отыру, дене сымбатын сақтау және дене жаттығуларының маңыздылығы түсіндірілді.
«Қышыма ауруының алдын алу» – жеке бас гигиенасын сақтау, тазалыққа мән беру және жұқпалы тері ауруларының алдын алу жолдары қамтылды.
Аталған диктант арқылы оқушылардың денсаулыққа қатысты сауаттылығын арттыру, аурулардың алдын алу шаралары туралы білімдерін кеңейту және жеке денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу көзделді.
Денсаулық – зор байлық! Денсаулықты күту – әрқайсымыздың міндетіміз!