«ТҰМАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ТҰМАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!»
16
қараша
2026

«ТҰМАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!»

    №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 5–11 сынып оқушылары арасында оқушылардың денсаулығын сақтау, түрлі аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында 5 қалалық емхананың дәрігері Қожахметова Б.М. «Тұмау және өзге аурулардың алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, тұмау және маусымдық жұқпалы аурулардың таралу жолдары, алғашқы белгілері, сақтану шаралары, жеке бас гигиенасын сақтау және иммунитетті нығайтудың маңыздылығы туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, 5 қалалық емхананың гинеколог дәрігері Тойымбетова Э.Т. «Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау» тақырыбында ақпарат берді. Дәрігер АПВ инфекциясының алдын алу, вакцинацияның маңызы мен оның адам денсаулығын қорғаудағы рөлі туралы кеңінен баяндады.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпараттар алды.

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық! Оны сақтау – әр адамның өз қолында. Денсаулығымызға жауапкершілікпен қарап, аурудың алдын алу шараларын бірге жүзеге асырайық!






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив