«Дұрыс мамандық таңдау деген нені білдіреді?» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дұрыс мамандық таңдау деген нені білдіреді?»
12
қараша
2026

«Дұрыс мамандық таңдау деген нені білдіреді?»

    №68 жалпы орта білім беретін мектепте М.Е. Хайрова кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Дұрыс мамандық таңдау деген нені білдіреді?» тақырыбында оқушылармен танымдық әңгімелесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға бағыт беру, өз қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға көмектесу.

Әңгімелесу барысында мамандық таңдаудағы негізгі факторлар, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер, жеке қабілет пен қызығушылықтың маңызы талқыланды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, болашақта кім болғысы келетіндері туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар «Мен кім болғым келеді?», «Мамандықты тап», «Менің болашақтағы мақсатым» атты қызықты тапсырмалар орындалып, оқушылар өздерінің армандары мен кәсіби жоспарларын ортаға салды.

Іс-шара соңында оқушыларға мамандық таңдауда асықпай, өз бейімділігі мен қабілетін ескеру, болашаққа нақты мақсат қою қажеттігі түсіндірілді.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив