«Әділдік пен ар-намыс – адамдықтың асыл қасиеті!» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әділдік пен ар-намыс – адамдықтың асыл қасиеті!»
12
қараша
2026

«Әділдік пен ар-намыс – адамдықтың асыл қасиеті!»

     9–13 қараша аралығындағы апталық жоспар аясында мектептің аға тәлімгері Ж. Қалмурзаева мен «Шабыт» дебат клубының жетекшісі Ж. Дәулетованың ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Әділдік пен ар-намыс» тақырыбында дебат турнирі өтті.

Пікірсайыс барысында оқушылар әділдік, адалдық, ар-ұят және жауапкершілік құндылықтары төңірегінде ой қозғап, өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қорғады. Қатысушылар шешендік шеберліктерін, сыни ойлау қабілеттерін және тапқырлықтарын көрсетті.

Дебат – жас ұрпақты еркін ойлауға, өз пікірін ашық жеткізуге, өзгенің көзқарасын құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды алаң.

Осындай тағылымды шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, әділдік пен адалдықты өмірлік қағидасына айналдыруға ықпал етеді.

Турнирге белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да білім мен ізденіс жолында биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Бүгінгі жас пікірсайысшылар – ертеңгі елдің ойлы, әділ әрі жауапты азаматтары!




















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив