«Праздники Республики Казахстан» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Праздники Республики Казахстан»
12
қараша
2026

«Праздники Республики Казахстан»

    №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 12 қараша күні 2 «Г» сынып оқушыларымен  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Балажанова Канаевна  «Праздники Республики Казахстан» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелері туралы түсінік беру, еліміздің тарихи және мәдени құндылықтарына деген құрмет сезімін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Сабақ барысында оқу мақсатына жету үшін түрлі тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы мағлұмат алып, олардың ерекшеліктері мен маңызын таныды. Көрнекі суреттер, бейнематериалдар және дидактикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы арттырылды.Сабақта оқушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстар орындап, мерекелердің атауларын ажыратты, суреттер бойынша әңгіме құрастырды, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын орыс тілінде жеткізуге дағдыланды.Сонымен қатар сабақ барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары кіріктірілді. Атап айтқанда, отансүйгіштік, бірлік, құрмет, жауапкершілік және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағыттарына ерекше назар аударылды. Оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Республика күні, Наурыз мейрамы, Жаңа жыл және басқа да мерекелердің мән-мағынасын түсініп, әр мерекенің еліміз үшін маңыздылығын білді.
Сабақ соңында оқушылар өз білімдерін қорытындылап, тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекітті. Кері байланыс жасалып, белсенді қатысқан оқушылар мадақталды.










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив