17
қараша
2026
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі»
Алпыс Сегізінші Мектепте «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
Жиналыста ата-ана мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды.
Жиында мектеп директоры А.Б.Жарылқасылқасынқызы алғы сөз алып, ата-аналарға жылы лебізін білдірдіп. Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің бірлігіне тоқталып, ата-аналарға қолдау көрсетіп, мектеп өміріне белсенді араласудың маңыздылығын атап өтті.
ДОЖЖО Пернехан Альжанов білім сапасына тоқталса, ДОЖЖО Жандос Альжанов оқу үдерісіне байланысты бірқатар мәселелерді түсіндірді.
ДТЖЖО Асылбек Аширбаев пен мектеп инспекторы Ербұлан Нышанәліұлы мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың тәртібі мен жауапкершілігі, қауіпсіздігі және басқа да өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ДОЖЖО Гульжан Нахипова оқулықты пайдалану мәдениетіне тоқталса, ДТЖЖО Маржан Алменова “Кітап оқитын ұлт” жобасының маңыздылығына тоқталды.
Жиналыстың мазмұнды бөлігінің бірі – мектебіміздің педагог-психологы Гүлмира Жұмахметова ата-аналарға арналған тренингі болды. Психологтар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, баланы түсінуге және оның эмоционалдық қажеттіліктеріне көңіл бөлуге бағытталған қызықты жаттығулар өткізді.
Ата-аналар сөз алып, мектеп өміріне белсенді қатысу, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты одан әрі нығайту жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді.
Жиын барысында оқушылардың мектеп формасы, мектептің ішкі талаптарын сақтау және бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі жөніндегі мәселелер де қаралды.
📚📚📚 Жиналысымыздың ең жып-жылы сәті - “Кітап оқитын ұлт” жобасы бойынша #ең_көп_кітап_оқыған оқушыларымыздың ата-аналарын және ең көп кітап оқыған мұғалімдерді мектеп директоры А.Б.Жарылқасынқызы АЛҒЫС ХАТпен марапаттады.