МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ – ЕЛ МЕРЕЙІ! » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ – ЕЛ МЕРЕЙІ!
31
қазан
2026

МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ – ЕЛ МЕРЕЙІ!

 Өнерімен өрге жүзген өрендерге туған мектеп төрінде құрмет көрсетілді!
 Қазақтың әнін әуелетіп, домбыраның күмбірлеген үнін Қытай сахнасында асқақтатқан №68 жалпы орта білім беретін мектебінің жас өнерпаздары халықаралық өнер додасынан олжалы оралды!
2026 жылғы 26 қазанда Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен Халықаралық балалар өнер фестивалінде жоғары нәтиже көрсеткен шәкірттерімізді  №68 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы зор қуанышпен қарсы алынды.
 Халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған жас дарындарды мектеп директоры А.Ж.Бимырзаева арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
Кездесу барысында мектеп басшысы оқушылардың өнердегі жетістігіне ерекше тоқталып, бұл жеңістің артында шәкірттердің таланты мен табандылығы, жетекшілері №3 Нұрғиса Тілендиев атындағы эстетикалық саз мектебі ұстаздардары Сариева Гүлжан, Кәріпбаева Шынардың  қажырлы еңбегі жатқанын атап өтті. Жас өнерпаздарға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, өнер әлемінде өз қолтаңбаларын қалыптастыруға, туған елінің мерейін асқақтатуға ақжарма тілегін білдірді.
 Бұл жеңіс – тек марапат емес, бұл – үлкен арманға бастар жол, биік мақсатқа жетелейтін шабыт!
 Бүгін – №68 мектептің мақтаныштары, ертең – қазақ елінің атын әлемге танытар өнерлі ұрпақ!
 Жас дарындарымыздың жұлдызы жарқырап, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!
Өнерлерің өрге жүзсін, жас өрендер! Біз сіздермен мақтанамыз! 






 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив