🍁 «Алтын күз» – шығармашылық пен шеберліктің мерекесі! 🍁 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🍁 «Алтын күз» – шығармашылық пен шеберліктің мерекесі! 🍁
28
қазан
2026

🍁 «Алтын күз» – шығармашылық пен шеберліктің мерекесі! 🍁

    №68 жалпы орта білім беретін мектебінде күзгі каникул күндеріне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 28 қазан күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Д.Турешова оқушылардың қатысуымен «Алтын күз» тақырыбында суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын арттыру және күз мезгілінің әсемдігін өнер арқылы насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар күзгі табиғаттың сұлулығын бейнелейтін суреттерін ұсынып, табиғи материалдардан жасалған ерекше қолөнер жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Әрбір жұмыс оқушылардың еңбекқорлығы мен қиялының жемісі болып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Осындай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шараларға белсене қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! Шығармашылық шабыттарыңыз артып, жетістіктеріңіз көбейе берсін!
🍂 «Күз – береке мен шабыттың мезгілі!»






















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив