Құрметті ата-аналар!
Көктемнің шуағымен бірге балаларымыздың белсенділігі де арта түседі. Алайда дәл осы кезеңде олардың өміріне төнетін қауіп-қатерлер де еселенетіні сөзсіз. Осы орайда Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға, мұғалімдерге және барша ересектерге балалардың күнделікті өміріне мұқият қарауға шақырады. Балаларымыздың өмірі – біздің қолымызда! Әрбір ата-ана сақтық шараларын ұстанып, қауіпсіздік ережелеріне бейжай қарамауы тиіс. Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда балалардың