Іс-шаралар » Страница 13 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық есік күні  өткізілді
09
сәуір
2025
Ашық есік күні өткізілді
"Психологиялық  қолдау  орталығы" мамандарының  қатысуымен  жасөспірімдерге  психологиялық  қолдау  көрсету мақсатында  №68 жалпы  орта  білім  беретін мектебінде  10.04.2025 ж. күні "Ашық есік" күні  өтетінін  хабарлаймыз.
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жалғасын табуда
03
сәуір
2025
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП жалғасын табуда
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Елгондиева Сайран 7 "Г" сынып оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Зүлиханың оянуы"  шығармасын талқылады.    Мақсаты: 1. Көркем шығарманы  түсіну және талдау – оқушылардың әдеби талдау дағдыларын дамыту, шығармадағы негізгі идеялар мен тақырыптарды ұғыну. 2. Тарихи сананы қалыптастыру – романдағы тарихи оқиғалар арқылы оқушыларға өткен ғасырдағы қоғамдық өзгерістерді түсіндіру. 3. Оқуға деген
«Мұғалімдер спартакидасы»
03
сәуір
2025
«Мұғалімдер спартакидасы»
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» - қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Мұғалімдер спартакидасының» қалалық кезеңінде Шахмат спорт түрінен сайысқа қатысып, №68 жалпы орта білім беретін мектебі ІІІ орын иеленді. Мектебіміздің мұғалімдері  А.Баетова, А.Иманқұлов, А.Абуовтар жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 
"Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру"
02
сәуір
2025
"Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді
"Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру" жоспарына сәйкес  "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты интеллектуалды ойындарды 7 сыныптар арасында А.Балажанова, Г.Көкенова, С.Майлышевалар  ұйымдастырды. Мақсаты: Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа  тәрбиелеу. Мақал-мәтел тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Оқушылар өте белсенді қатысып жауап беріп жарысты.
МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
29
наурыз
2025
МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
     Мектебімізде оқушылардың көктемгі демалысын тиімді өткізу барысында, оқуға деген құштарлығын дамытып, шешендік өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, өз нәтижесін көрсету мақсатында, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунисова Жанар Масакбаевна сыныбымен мәнерлеп оқу сайысын өткізді.      Сайыс барысында оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. 
"Ибалы келін, сырлас жеңше, отбасы ұйытқысы"
27
наурыз
2025
"Ибалы келін, сырлас жеңше, отбасы ұйытқысы"
     Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мектебімізде жас келіндер байқауы өткізілді. "Ибалы келін, сырлас жеңше, отбасы ұйытқысы” атты сайысқа отбасының көркін келтіріп, жан - жақтылығымен танылып жүрген келіндер қатысты.     Сайыс барысында келіндеріміз өздерінің шыққан тегі мен түскен шаңырағынан мағлұмат беріп таныстырып, өнер сайысында өздерінің өнерлерін ортаға салып, қазақы дастарқанын жайнатып, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға мүдірмей жауап берді.     Сайыс қорытындысы бойынша
"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ"
21
наурыз
2025
"НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ"
    1"А" сынып жетекшісі Г.Абуова оқушыларымен "Наурыз-жыл басы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.          Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.  Оқушыларды туған жерін сүюге, ұлтымыздың салт-дәстүрін бойларына сіңіре отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Еліміздің ертеңі жастарымызды жан-жақты тәрбиеленген білімді, алғыр, өнерлі, парасатты жеке тұлға етіп қалыптастыру.
НАУРЫЗ ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ БАСТАУЫ
20
наурыз
2025
НАУРЫЗ ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ БАСТАУЫ
     7"А" сынып жетекшісі Балажанова Айгул оқушыларымен "Наурыз" тақырыбында сынып сағатын өткізді.       Сабақтың мақсаты: Наурыз мейрамы туралы мағлұмат беру, Оқушыларды ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді бағалауға, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.       Наурыз - жаңа жылдың басталуы, көктемнің келуі, табиғаттың жаңаруы. Наурыз қазақ тілінен тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу - күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Қазақ халқы бұл
“КҮЙ КҮМБІРІ” АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ
20
наурыз
2025
“КҮЙ КҮМБІРІ” АТТЫ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТКІЗІЛДІ
     Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде 20.03.2025 ж. күні, сағат 11:00 - де бірыңғай уақытта орындалатын Наурыз мерекесіне арналған "Күй күмбірі" республикалық домбырашылар челленджі ұйымдастырылды.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
18
наурыз
2025
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6"Б" сынып жетекшісі А.Турешова оқушыларымен Пауло Куэльоның жасөспірім садақшы Тецуя туралы "Садақшы" атты кітабын оқып, талдау жасады.      Мақсаты: оқушыларды балаларға арналған шетел шығармаларымен таныстыру және қызықтыру.