Біз туралы » Страница 20 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
«АҚЫН - ЕЛДІҢ АРДАҒЫ»
14
желтоқсан
2022
«АҚЫН - ЕЛДІҢ АРДАҒЫ»
   Бүгін мектебімізде «Ақын - елдің ардағы» деген атпен ақын, жазушы, түркі әлемінің жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Мухтарова Марғуба Мұхтарқызы кездесу кеші болып өтті. Мақсаты, өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды. «Тағдырыма егіз дүние», «Тау қызымын» және «Жырым
«АЛАШ КӨСЕМІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
13
желтоқсан
2022
«АЛАШ КӨСЕМІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
   Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.Әбибулла жетекшілік еткен 8"Б" сынып оқушысы Аманбай Мерей Шымкент қаласы "Дарын орталығы" А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген "Алаш көсемі" қалалық байқауына қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Мерейді жеңісімен құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады. 
ЖАРАЙСЫҢ ШОҚАН!!!
12
желтоқсан
2022
ЖАРАЙСЫҢ ШОҚАН!!!
  Шорт-тректен «Тәуелсіздік күніне» арналған Шымкент қаласының №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігінде 333 м және 500 м қашықтықта III орын  алғаны үшін №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 5«Д» сынып оқушысы Құралбай Шоқан дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Шоқанды құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады.  ЖАРАЙСЫҢ ШОҚАН!!!
Мектеп директоры Г.А.Пржанова сынып жетекшілерімен жиналыс өткізді.
06
желтоқсан
2022
Мектеп директоры Г.А.Пржанова сынып жетекшілерімен жиналыс өткізді.
  Мектеп директоры Г.А.Пржанова сынып жетекшілерімен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында: сынып жетекші, ата-ана және оқушы ынтымақтастығын нығайту, оқушылардың  әлеуметтік жағдайларын талдау, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және де әртүрлі  мәселелер қаралды.
Қамқоршылық кеңесі төрағасы және мүшелеріне игерілген қаржылар есебі берілді
05
желтоқсан
2022
Қамқоршылық кеңесі төрағасы және мүшелеріне игерілген қаржылар есебі
Мектеп директоры Г. А. Пржанова Қамқоршылық кеңесі төрағасы және мүшелерінің алдында ағымдағы оку жылында атқарылған жұмыстар және игерілген қаржылар есебін берді.
"ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ - ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП"
02
желтоқсан
2022
"ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ - ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП"
   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Шанетованың ұйымдастыруымен мектепте «Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" тақырыбында ардагер ұстаз –Бақыт Камаловамен кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Кездесу кешке мектеп директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызы бастаған №68 жалпы орта білім беретін мектебінде жұмыс істейтін ардагер ұстаздың бір топ шәкірттері және поэзияға жаны құмар оқушылар да қатысты. Кеш барысында Бақыт Камаловна шәкірттерімен бірге мектеп кезіндегі сәттерін еске алып,
«Педагог мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың іс-тәжірибелік үлгісі»
29
қараша
2022
«Педагог мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың
    25 қараша 2022 ж. күні мектебімізде «Педагог мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың іс-тәжірибелік үлгісі» тақырыбында оқыта үйрету семинары өтті. Семинарға саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнаған ұлағатты ұстаз, Шымкент Жоғары Педагогикалық колледж директорының орынбасары, ғылыми – әдістемелік бөлім меңгерушісі қызметін атқарған, көптеген әдістемелік құралдардың, жинақтардың авторы, бүгінгі таңда «Өркениет» ақпараттық-әдістемелік орталығының басшысы – Коздибаева Абила
"Art sport GOLDEN FIT"
28
қараша
2022
"Art sport GOLDEN FIT"
   Облыстық және қалалық жарыстардың жүлдегері, №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 «Г» сынып оқушысы Файзиев Абылайхан "Art sport GOLDEN FIT" ұйымдастыруымен өткізілген "Таэквондо" спорт түрінен, жастар мен жас өспірімдер арасындағы 1 қалалық ашық  чемпионатында 3-ші жүлделі орынды иеленді. Мектеп директоры Гулнур Аскербековна Пржанова шәкіртін құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады. Жеңісің құтты болсын!!!
"ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗІРЕТТЕР КУРСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ"
26
қараша
2022
"ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗІРЕТТЕР КУРСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
   Мектебімізде 25.11.2022ж күні "Жаһандық құзіреттер курсындағы оқушылардың экологиялық құзіреттіліктерін қалыптастырудың ғылыми әдістемелік негіздері" тақырыбында қалалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  география пәні мұғалімдеріне семинар өтті. Семинар барысында  Білім басқармасы Әдістемелік орталығының әдіскері Р.У.Аульбаева және мектебіміздің биология пәні мұғалімдері А.Тюльтебаева, Л.Нүрпейсовалар баяндама оқыды. География пәні мұғалімі Ж.Дәулетова "Б.П. Экономикадан
"ҚЫС-2022" СЕЙСМОЖАТТЫҒУЫ
25
қараша
2022
"ҚЫС-2022" СЕЙСМОЖАТТЫҒУЫ
    Қала әкімінің 15 қараша 2022 жылғы №130-ө орындау мақсатында 24.11.2022 жылы Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша сағат 09.00 қала бойынша ДАБЫЛ сиренасы соғылды. Осыған орай №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Жерсілкінісін алдын алу бойынша "Қыс-2022" оқу-жаттығуына байланысты іс-әрекеттік сейсможаттығуы сағат 09.00-10.00 арасында өткізілді.