30
қазан
2026
«Отбасымен өткізген демалысым»
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Н.Шанетованың ұйымдастыруымен күзгі каникул күндеріне арналған іс-шаралар жоспары аясында 2026 жылғы 30 қазанда 8–11-сынып оқушылары арасында «Отбасымен өткізген демалысым» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді. Байқау барысында оқушылар күзгі каникул кезінде отбасымен бірге өткізген қызықты сәттері, саяхаттары, ортақ іс-шаралары мен есте қалған ерекше естеліктері туралы өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Эссе жұмыстарында отбасының адам өміріндегі орны мен маңызын, ата-ананың қамқорлығын, жақын жандарға деген сүйіспеншілік пен құрметті әсерлі жеткізе білді.
Мақсаты: Оқушылардың отбасымен өткізген демалыс кезіндегі қызықты сәттері мен алған әсерлерін жазбаша сауатты жеткізу дағдыларын дамыту; отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, отбасындағы сыйластық пен бірліктің маңызын ұғындыру, шығармашылық қабілеттері мен жазу мәдениетін қалыптастыру. Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз ойларын жүйелі әрі көркем жеткізуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды бағалауға, ата-анаға құрмет көрсетуге, жақындарына деген мейірімділік пен сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етті.