28
қазан
2026
«Каникулда кітап оқимыз»
«Каникулда кітап оқимыз» республикалық марафонының күзгі кезеңіне қатысу 3"А" сынып оқушылары үшін өте қызықты әрі пайдалы болды. Оқушылар каникулда кітап оқуға жарыса кірісті. Олар кітап оқу арқылы білімімізді толықтырып, сөздік қорымызды байыттық, кейіпкерлердің іс-әрекетінен үлгі алып, бос уақытымызды тиімді өткізіп, кітап оқудың адам өміріндегі маңызын түсіндік дейді. Осындай тамаша жобаға қатысқандарына өте қуанышты! Жас оқырмандар, кітап оқуға деген қызығушылықтарың артып, оқырмандық дағдыларың дами берсін! 📚🌿

