27
қазан
2026
КҮЗГІ КАНИКУЛ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Құрметті ата-аналар!
Күзгі каникул кезінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының және құқық бұзушылықтардың алдын алу – баршамызға ортақ міндет.
Шымкент қаласы Полиция департаменті мен білім басқармасы ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауда ұстауға және олардың қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ең алдымен, кәмелетке толмаған балаларыңызға автокөлік басқаруға рұқсат бермеңіздер! Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімнің көлік тізгініне отыруы өз өміріне ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.
Сонымен қатар балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне, қоғамдық орындарда тәртіп бұзуына және жол қозғалысы ережелерін сақтамауына жол бермеу маңызды.
Ата-аналарға балаларымен жол қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп, құқық бұзушылықтардың салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Естеріңізде болсын! Бір сәттік жауапсыздық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – басты құндылығымыз! Күзгі каникул кезінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының және құқық бұзушылықтардың алдын алу – баршамызға ортақ міндет.
Шымкент қаласы Полиция департаменті мен білім басқармасы ата-аналарды балаларының бос уақытын бақылауда ұстауға және олардың қауіпсіздігіне ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ең алдымен, кәмелетке толмаған балаларыңызға автокөлік басқаруға рұқсат бермеңіздер! Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімнің көлік тізгініне отыруы өз өміріне ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.
Сонымен қатар балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне, қоғамдық орындарда тәртіп бұзуына және жол қозғалысы ережелерін сақтамауына жол бермеу маңызды.
Ата-аналарға балаларымен жол қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп, құқық бұзушылықтардың салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Естеріңізде болсын! Бір сәттік жауапсыздық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
Шымкент қаласының білім басқармасы








