«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫН – ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛАМЫН!» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫН – ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛАМЫН!»
26
қазан
2026

«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫН – ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛАМЫН!»

№68 жалпы орта білім беретін мектебінен
ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА
«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫН – ҚАУІПСІЗ ДЕМАЛАМЫН!»
Құрметті оқушылар! Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін қоса есептегенде жеті күнге созылады. Оқу 2026 жылғы 2 қарашада жалғасады.
🍂 Күзгі демалыс – тынығуға, отбасымен уақыт өткізуге, сүйікті іспен айналысуға және жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ерекше кезең.
📚 «Каникулда кітап оқимын» республикалық марафонына қатысып, демалысыңды кітаппен көркемде! Кітап оқуға уақыт бөліп, оқыған шығармаңның мазмұнын талда, әсеріңмен бөліс және білім көкжиегіңді кеңейт!
ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ!
🏠 Үйде:
 Электр құралдарын, газ жабдықтарын және өткір заттарды абайлап пайдалан.
 Бейтаныс адамдарға есік ашпа.
 Үлкендердің рұқсатынсыз қауіпті әрекеттерге барма.
🚦 Көшеде:
 Жол қозғалысы ережелерін сақта, жолды тек белгіленген жерден кесіп өт.
 Бейтаныс адамдармен бірге кетпе.
 Қараңғы уақытта жалғыз жүрме, ата-анаңа қайда баратыныңды ескертіп отыр.
🚌 Қоғамдық көлікте:
 Көлікке мінгенде және түскенде асықпа, итермелеспе.
 Жүргізушіні алаңдатпа, көлік толық тоқтаған соң ғана түс.
 Үлкендерге, қарттарға және кішкентай балаларға құрмет көрсет.
🏫 Қоғамдық орындарда:
 Тәртіп сақта, қатты шулап, айналадағы адамдарға кедергі келтірме.
 Қоғамдық мүлікке ұқыпты қара, тазалықты сақта.
 Достарыңмен әдепті сөйлесіп, жанжалдан аулақ бол.
📱 Интернетте:
 Жеке деректеріңді, құпиясөздеріңді және мекенжайыңды бейтаныс адамдарға берме.
 Күмәнді сілтемелерге өтпе, бейтаныс адамдардың ұсыныстарына сақ бол.
 Интернетте де әдептілік сақтап, өзгелерді құрметте.
ӘДЕПТІЛІК – АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ!
🌷 Үлкенге құрмет көрсет, кішіге ізет білдір!
 Сәлемдесуді ұмытпа, сыпайы сөз сөйле.
 Қарттарға, мұқтаж жандарға көмектес.
 Ата-анаңның ақылын тыңдап, ұстаздарыңды құрметте.
 Достарыңа қамқор болып, айналаңа мейіріммен қара.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, кітап оқуға ынталандырыңыздар. Үйде, көшеде, қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарда және интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіріп, балалардың қауіпсіздігіне назар аударуларыңызды сұраймыз⬇️


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив