🏆 «ОҚУШЫДАН – ОҚУШЫҒА: ЖЕҢІСКЕ БАСТАР ЖОЛ» » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🏆 «ОҚУШЫДАН – ОҚУШЫҒА: ЖЕҢІСКЕ БАСТАР ЖОЛ»
12
қараша
2026

🏆 «ОҚУШЫДАН – ОҚУШЫҒА: ЖЕҢІСКЕ БАСТАР ЖОЛ»

    Алпыс Сегізінші Мектепте пәндік олимпиадаға қатысатын оқушыларға қолдау көрсету, тәжірибе алмасу және білімге деген құлшынысын арттыру мақсатында тәжірибе алмасу кездесуі ұйымдастырылды. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Жандос Альжанов Алиханұлы және педагог-ұйымдастырушы Нургул Налтай Абдиқалиқызы кездесудің мақсаты жайлы айта отырып, пәндік олимпиадалардың маңызына тоқталды. 

Кездесуге бұған дейін #пәндік_олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған оқушылар қатысып, биылғы олимпиадаға дайындалып жатқан жас қатысушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жеңімпаздар олимпиадаға дайындықтың тиімді жолдары, уақытты дұрыс жоспарлау, күрделі тапсырмаларды орындау әдістері, білімді тереңдету және қобалжуды жеңу туралы пайдалы кеңестерін ортаға салды. Сонымен қатар, өздерінің жеңіске жету жолындағы ізденістері мен кездескен қиындықтарын да әңгімеледі.

Кездесудің басты ерекшелігі – білім мен тәжірибенің #оқушыдан_оқушыға берілуі. Себебі кейде құрдасының айтқан бір ауыз кеңесі - үлкен мотивация сыйлап, жаңа жетістіктерге жол ашады.

✨ Бүгінгі жеңімпаз – кешегі талапкер, ал бүгінгі талапкер – ертеңгі жеңімпаз!
Барлық жас қатысушыларға сәттілік, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив