29
қазан
2026
ҚАЗАҚТЫҢ ӨНЕРІ – ҰЛТТЫҢ ӨШПЕС ҚАЗЫНАСЫ!
Домбыраның күмбірлеген үнімен тербелген қазақ даласында өнерді ұлықтау – ұрпаққа аманат, талантты дәріптеу – елдік парыз!
Жақсы жаңалық, үлкен қуаныш!!!
№68 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Қанат Баян Исаханқызы мен Полатбекқызы Еркеназым «Қазақ шыңы» қоғамдық бірлестігі мен «Ақылдым» республикалық балалар басылымының ұйымдастыруымен өткен «АСТАНА АСПАНЫ» республикалық өнер байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша 12–14 жас ерекшелігі санатында өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды!
Бұл – жас таланттардың төккен тері мен табанды еңбегінің, өнерге деген шынайы сүйіспеншілігінің жемісі. «Өнерлі өрге жүзер» деген халқымыздың қанатты сөзі осындайда еріксіз еске түседі.
Екі жас жұлдыз – екі қаланың арасын өнердің алтын көпірімен жалғап, Астана аспанында туған жердің талантын танытып, мектебіміздің мерейін асқақтатты!
«Қазақ шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы К. Сүлейменованың Дипломымен марапатталған жас өнерпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын!
Қазақта «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген аталы сөз бар. Дарынды өрендердің талабын ұштап, өнер жолына бағыт-бағдар беріп жүрген жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Әсіресе, Дина апамыздың салып кеткен сара жолын жалғап, өнердің отын өшірмей, кейінгі ұрпаққа рухани мұра етіп жалғастырып келе жатқан жас буынның жетістігі көңілге ерекше қуаныш ұялатады.
Өнерлерің өрге жүзсін, жұлдыздарың жарқырай берсін, қарақтарым! Қадамдарыңа нұр жаусын! Талаптарыңа тұсау болмасын, таланттарыңа тұғыр биік болсын!
Ақ бата мен ізгі тілекті серік етіп, ұлттық өнеріміздің туын биіктете беріңдер!
Жас өнерпаздар – ел ертеңі, ұлттық өнер – ұлттың мәңгілік мұрасы!
Бас жүлде құтты болсын! Мерейлерің үстем, абыройларың асқақ болсын!
#ҚазақШыңЫ #Ақылдым #АстанаАспаны #БасЖүлде #ҰлттықӨнер #ЖасТаланттар #68Мектеп.
Шабыт жобасы А.Ж.Бимырзаева
Осындай жетістіктер – ұстазға мақтаныш, мектепке мерей, елге қуаныш! Жас таланттарымыздың өнер жолы ұзақ та жарқын болсын!