Мектебімізде бүгін ерекше форматта, жаңашыл идеялармен өрілген
Мектебімізде бүгін ерекше форматта, жаңашыл идеялармен өрілген маңызды шара өтті. "Адал азамат –Адал еңбек- Адал табыс" тақырыбындағы қалалық семинар Алғашқы әскери және техникалық дайындық пәні мұғалімдеріне арналды. Семинар аясында Мектеп директоры Гүлнұр Әскербекқызы «АӘжәнеТД пәнінде ЖИ платформасын тиімді қолдану» тақырыбында жаңашыл бағытта ашық сабақ өткізді. Сабақтың ерекшелігі – биылғы оқу жылының әдістемелік нұсқаулығында көрсетілген тың өзгерістермен таныстырудан басталды.