13
қараша
2026
📚✨ «КӨКЖИЕК» – КІТАП АРҚЫЛЫ КЕҢЕЙГЕН РУХАНИ ӘЛЕМ!
«АДАМ ЖАНЫНЫҢ ЖҰМБАҒЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТАҒДЫР»
Бүгін №68 жалпы орта білім беретін мектепте «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Көкжиек» оқырмандар клубының кезекті әдеби-педагогикалық кездесуі өтті.
📖 Бұл жолы қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Төлен Әбдіктің «Қонақтар» және «Оң қол» әңгімелері талқыланды.
Әртүрлі пән мұғалімдері адам тағдыры, ұрпақтар арасындағы рухани алшақтық, ұлттық құндылықтар, адам жанының күрделілігі, мейірім мен жауапкершілік мәселелері төңірегінде ой бөлісіп, шығармалардағы өмірлік тағылымды ұстаздық тәжірибемен ұштастырды.
💫 Бір шығарма – сан түрлі көзқарас, бір кездесу – саналы ойға бастар қадам!
Кездесу соңында клубтың келесі отырысына Мұхтар Мағауиннің «Абайдың суреті» шығармасы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші томын оқу ұсынылды.
📚 Кітаппен кеңейген көкжиек – кемел келешек кепілі!