📚 «СЫНЫП БОЛЫП КІТАП ОҚИМЫЗ» – РУХАНИ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ! 🌟 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-47-90
Есепші бөлімі:
+7(7252) 95-47-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📚 «СЫНЫП БОЛЫП КІТАП ОҚИМЫЗ» – РУХАНИ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ! 🌟
12
қараша
2026

📚 «СЫНЫП БОЛЫП КІТАП ОҚИМЫЗ» – РУХАНИ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ! 🌟

    №68 жалпы орта білім беретін мектеп кітапхана меңгерушілері Л.Лауланбекова мен Д.Гүсейнова ұйымдастыруымен «Сынып болып кітап оқимыз» жобасы аясында 3 «Б» сынып оқушыларымен кезекті кітап оқу сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар «Қайыршы мен ханзада» ертегісін оқып, оның мазмұнымен танысты. Ертегіні талқылау кезінде кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға беріп, жақсы мен жаманды ажыратты. Сонымен қатар адамгершілік, мейірімділік пен қайырымдылық туралы өз ойларымен бөлісті.

📖 Кітап оқу – баланың ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайтатын, қиялын дамытып, рухани дүниесін байытатын асыл қазына.

Бүгінгі ертегі балаларға үлкен ой салды. Олар нағыз байлықтың өлшемі материалдық құндылықта емес, адамның бойындағы ізгілік пен адамгершілік қасиеттерде екенін түсінді.

Кітап оқитын ұрпақ – білімді ұрпақ! Оқуға құштар ұрпақ – ел болашағы! ❤️📚




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив