Мағжан еңбегі — маржан 💎📚
«Сау денеде — сау ақыл, сау қайрат, сау көңіл болады». Ұлт ұстазы Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін оқыған сайын, оның әрбір сөзі уақыт өтсе де құнын жоғалтпайтын асыл маржан екеніне көз жеткізесің. Мағжан бұл кітапта тәрбиені төртке бөледі: дене, ақыл, құлық және сұлулық тәрбиесі. Ұлы ұстаз осы төрт тәрбиені бір-бірінен бөліп-жаруға болмайтынын, олардың өзара тығыз байланыста екенін айтады. Сонымен қатар, бала тәрбиесі ес білгеннен емес, сәби дүниеге келген сәттен басталатынын баса